Жаңалықтар

image description
image description
icon

СТРЕСТІ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Бұлбұл Жиенбаева №31 орта мектебінің 10-сынып оқушыларына «Стресті жеңу жолдары» тақырыбында  психологиялық тренинг өткізді.

Мақсат — оқушыларға стресс жағдайларын жеңуге көмектесіп, эмоцияларды тиімді басқару жолдарын үйрету, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту және жалпы психологиялық әл-ауқатын нығайту.

Тренинг барысында оқушылар стресс тудыратын жағдайларды анықтау, оларды дұрыс қабылдау және жеңілдету тәсілдері туралы теориялық әрі практикалық ақпарат алды. Психолог тыныс алу жаттығулары, релаксациялық техникалар, позитивті ойлау әдістері мен өзін-өзі жұбату стратегияларын көрсетті. Сонымен қатар қатысушылар топтық ойындар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы өз эмоцияларын бақылауды, зейін қоюды және ішкі күйді реттеуді тәжірибе жүзінде орындады.

Оқушылар тренингтен көптеген пайдалы ақпарат алып, стрессті басқарудың жаңа әдістерін меңгерді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап