Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНЫҢ ОҚУЫ ЖАЛҒАСУДА

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психологиялық қауіптердің алдын алу бойынша өңірлік бағдарламаның үшінші легіне колледждердің өкілдері қатысты. Олар күн сайын жасөспірімдермен тікелей жұмыс істейтіндіктен, алғашқы дабыл белгілерін ең ерте байқay мүмкіндігі бар мамандар болып табылады.

Алғашқы лекция-тренинг барысында қатысушылар Өңірлік оқу-әдістемелік психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығының директоры, спикер Елена Петренкомен бірге аутодеструктивті мінез-құлықты ерте анықтау әдістерін талқылады.

– Әсіресе әріптестерге «Бетперделер» арт-терапиялық жаттығуы қатты ұнады. Бұл әдіс мамандарға кәсіби сабырлылық «бетпердесінің» ар жағындағы өз шынайы «Менін» сезінуге мүмкіндік берді, – дейді Елена Петренко. – Суицидтік мінез-құлықпен жұмыс істеу орасан зор төзім мен ішкі күшті талап етеді. Мұндай жағдайда «мызғымас тірек» рөлімен толық сіңісіп, өз сезіміңді ұмытып кету оңай. Осы сезімдерді қайта еске түсіру үшін мен әріптестерге өз маскаларын жасауды ұсындым. Біреулер маскада жиналған шаршауды көрсетті, енді біреулер – ішкі күшін, басқалары – үмітті бейнеледі. Ең эмоционалды сәт – осы маскалардың «тірілуі» еді: қатысушылар өз жұмыстарының образын киіп, сол образдың атынан сөйлей бастады. Олар ішкі күйзелістерін, ауырсынуын, күмәнін – әдетте сыртқа шықпайтын сезімдерін бөлісті…

Бұл психологиялық тәсілдің құндылығы неде? Ол ең алдымен басқаны құтқару үшін өзіңді сақтау және қабылдау керектігін ұғындырады.

Колледж мамандарына арналған екінші сабақтың ерекшелігі — «Туннель» жаттығуы болды.

– Қарапайым қағазды түтікше етіп орау ғана. Бірақ оның залға әсері барлық күтуден асып түсті! – дейді ӨОӘПҚжТЖ директоры. – Біз қатысушылардан осы тар түтік арқылы әлемге қарауды сұрадық. Сосын қарапайым сұрақтар қойдық: «Шығатын жолды көріп тұрсыз ба?», «Жаныңыздағы адамды көресіз бе?». Әріптестер: «Тек кішкентай дақты ғана көремін, қозғалу қорқынышты», «Өзімді бөлмеден оқшауланғандай сезіндім», «Мұндағы өмір бір сәтке жоғалып кеткендей болды…» деп мойындады. Бар болғаны екі минутта тәжірибелі мамандар дағдарысқа түскен баланың «туннельдік сана» немесе когнитивті тарылу күйінің қандай екенін өз денесімен сезінді.

Дәл осылайша қиындыққа тап болған бала да әлемді көреді – алдында тек ауырсыну, ал есік ашық тұрғанның өзінде шығатын жолды байқамайды. Ана махаббатын, достарының қолдауын да көрмейді – олардың бәрі «түтікше сыртына» түсіп қалады. Осы кезде қасындағы ересектердің міндеті – сабыр танытып, баланың «ауырсыну түтігін» біртіндеп төмендетуге көмектесу. Сонда ғана ол өмірді қайта тұтас көре бастайды.

Мұндай кездесулер – жай ғана оқыту емес. Бұл – шынайы қатысу, жауапкершілік, қиын сәтте қасында бола білу және кәсіби жолда өз болмысыңды жоғалтпай қалу туралы.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап