Жаңалықтар

image description
image description
icon

АРТ-ТЕРАПИЯ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1-курс студенттерімен «Менталды денсаулық — жарқын болашақ негізі» тақырыбында арт-терапиялық жұмыс жүргізді.

Мақсат — білім алушылардың менталды денсаулық туралы түсінігін арттырып, эмоционалдық күйін тануға, ішкі сезімдерін қауіпсіз түрде білдіруге және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға ықпал ету.

Іс-шара барысында келесі мәселелер қамтылды:

Менталды денсаулықтың маңыздылығы;

Эмоцияны тану және қабылдау;

Күйзелісті жеңу жолдары;

Өзін-өзі қолдау және ішкі ресурстарды анықтау.

Тренинг арт-терапиялық әдістер арқылы жүргізіліп, білім алушылар шығармашылық тапсырмаларды орындады.

 Іс-шара соңында қатысушылар жағымды әсер алып, менталды денсаулықты сақтаудың күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсінгендерін атап өтті. Арт-терапия студенттердің өзін-өзі танып, эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға және болашаққа сеніммен қарауға ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап