Жаңалықтар

image description
icon

СТРЕСС ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІ ТРЕНИНГІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айдана Мырзаханова Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек көрсетіп, 1-курс білім алушыларына «Стресс және оны басқару тәсілдері» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шара мақсаты — білім алушыларға стресс ұғымын түсіндіріп, оның адам өміріне әсерін көрсету және күйзелісті тиімді басқару жолдарын үйрету.

Қатысушылар «Менің көңіл-күйім», «Стрессті басқару тәсілдері» және «Позитивті ой» жаттығулары арқылы өз ойларын еркін білдіріп, тәжірибелік тапсырмалар орындады.

Білім алушылар тренингтің қызықты әрі пайдалы өткенін және өздеріне қажетті ақпараттар алғандарын айтты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап