Жаңалықтар

image description
icon

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ШЕКАРАЛАР

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Ботагөз Қосмағамбетова мен Таңшолпан Жаңаберген №51 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларына «Қарым-қатынастағы шекаралар» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

Мақсат — оқушыларға қарым-қатынаста жеке шекараны түсіндіріп, өз сезімдерін тану, пікірін ашық әрі мәдениетті жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Практикалық бөлімде оқушылар белсенді қатысып, түрлі психологиялық жаттығулар жасады:

«Шаттық шеңбері» сергіту жаттығуы арқылы жағымды атмосфера қалыптасты. «Мен және менің қарым-қатынас әлемім» тапсырмасы оқушыларға өз ортасын саралауға көмектесті. «Молекула», «Айна», «Дауыл» ойындары топтық үйлесімділік пен сенімді арттырды. «Қарым-қатынас кедергілері» жаттығуы арқылы қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар талқыланды. «Домик-гномик», «Топпен сырғанау» ойындары оқушылардың бір-біріне деген сенімін күшейтті.

Сабақ барысында «Жеке шекара», «Шекараны сезіну», «Менің шекарам қайда?», «Жақын-алыс қарым-қатынас», «Қарым-қатынас кедергілері», «Сезімдерді атау» секілді маңызды ұғымдар кеңінен қарастырылды.

Тренинг барысында оқушылар жеке шекараның маңыздылығы, эмоциялар мен сезімдерді дұрыс білдіру, өзгенің шекарасын құрметтеу сияқты өзекті тақырыптарды талқылады.

Нәтижесінде оқушылар қарым-қатынастағы жауапкершілікті сезініп, өз «шекарасын» қорғау мен өзгенің шекарасын сыйлаудың маңызын түсінді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап