Өркен ГИД

Өркен ГИД

Если вы не можете найти ответ ниже, воспользуйтесь контактной формой или отправьте нам письмо по адресу nigrch@mail.ru.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдер мына номерлерге хабарласа алады:

            111 – Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы

            150 – балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны;

            8 (7172) 74-25-28 – Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефоны;         

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабына сәйкес адамның өмірін бұзатын өмірлік жағдайлар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге негіз болып табылады.

     Адам (отбасы) мынадай негіздер:

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) мүгедектік және (немесе) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      12) пробация қызметінің есебінде болу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылады.

Ескертунормативтік құжатта «өмірлік қиын жағдай» ұғымы қолданылмайды

       

Заңнамада белгілі бір өмірлік жағдайлар туындаған кезде жеке тұлғаларды (отбасын) әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 10-бабына сәйкес әлеуметтік қорғау нысанында, атап айтқанда:

1) балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау;

      2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан жағдайда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;

      3) жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек;

      4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынылуға мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;

      6) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу арқылы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;

      7) зейнетақымен қамсыздандыру;

      8) асыраушысынан айырылған адамдар және т.б. тұлғаларға осы жағдайы үшін әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Тұрғылықты жерінің жоқтығына (тұрғылықты жері жоқ адамға), әлеуметтік тұрақсыздыққа әкеп соқтыратын зорлық-зомбылыққа және әлеуметтік жетіспеушілікке байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер тұрғылықты жеріне қарамастан көрсетіледі.

Толық ақпаратты «Электрондық үкімет» веб-порталының 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.     

 

          Балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау (Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабы):

1) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;

      2) бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала туғанда берілетін жәрдемақы);

      3) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты жәрдемақы);

      4) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем);

      5) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар);

      6) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);

а      7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" тағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – наградталған анаға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.     

Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.

Проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді («электрондық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөмірін тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз ұсынылады).

Ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен алуға болады.

Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу шартымен жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк кодексiнiң 96-119-баптары негізінде тағайындалады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған тұлғаларға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабына сәйкес адамның өмірін бұзатын өмірлік жағдайлар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге негіз болып табылады.

     Әлеуметтік қызметті көрсетуге мына жағдайлар негіз болып табылады:

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) мүгедектік және (немесе) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      12) пробация қызметінің есебінде болу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылады.  

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудалаумен және басқа да қанаудың түрлерімен, сондай-ақ жасалған әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан, адам ұрлаумен байланысты әрекеттер әлеуметтік дезадаптацияға және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтыратын қатыгез қарым-қатынас нысандары болып табылады.

             Ақпаратты әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz, «электрондық үкімет» веб-порталының Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен алуға болады.

Егер бала жәбірлеу фактісі болса, дереу білім беру ұйымына (білім беру ұйымы басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі) және/немесе білім беру саласындағы мемлекеттік органдарға (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері) дереу хабарлау қажет.

           Егер сізге медициналық көмек қажет болса, денсаулық сақтау ұйымына немесе ішкі істер органдарына хабарласыңыз.

       Егер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, ішкі істер органдарына хабарлаңыз.

            Балаға қатысты жәбірлеу фактілері анықталған жағдайда, жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне өтінішпен жүгініңіз. Заңсыз әрекеттер орын алатын интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты кибербуллинг фактілері туралы мәлімдеме жасаңыз.

             Өтініштерді электронды құжат түрінде e-otinish, eGov.kz электронды өтініштер порталы арқылы беруге болады.

            Қағаз түрінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне 010000 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 10, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, k.kense@mki.gov.kz мекенжайы бойынша, қоңырау шалыңыз. Сұрақтар бойынша +7 (7172 ) 74-13-33 немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша хабарласыңыз, k.kense@qogam.gov.kz

          Балаға психологиялық көмек көрсету қажет болған жағдайда білім беру ұйымының психологиялық қызметіне хабарласыңыз.

           Кеңес алу үшін арнайы телефондарға хабарласыңыз.

            111 – Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы

            150 – балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны;

            8 (7172) 74-25-28 – Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефоны;          

Задать вопрос

если вы не можете найти ответ, напишите нам

Вопрос-Ответ