Өркен ГИД
Если вы не можете найти ответ ниже, воспользуйтесь контактной формой или отправьте нам письмо по адресу nigrch@mail.ru.
Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек.
Өрт немесе табиғи апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға, мүлкінен айырылған, мүлкі бүлінген, мүлкіне маңызды залал келтірілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету
Көмек алу бойынша қойылатын талаптар: табиғи апат немесе өрт салдарынан азаматқа отбасына) немесе оның мүлігіне залал келтіру.
Осы көмек түрін қалай алуға болады: әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органына немесе кенттің, ауылдың, ауыл округінің әкіміне мынадай құжаттар топтамасымен жүгіну қажет:
жеке басын куәландыратын құжат;
адамның (отбасы мүшілерінің) табысы туралы мәліметтер;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру фактісін растайтын құжат.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Арнайы комиссия келтірілген шығынды бағалау, оқиға орнына шығу кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек сомасын бағалайды. Бұл көмек түрі бектілімеген және келтірілген залалға байланысты жеке беріледі.
Жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету
Көмек алушылар: жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары.
Көмек алуға қойылатын талаптар: адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының шегі белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің аспауы (әр аймақта жекеше).
Осы көмек түрін қалай алуға болады: әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органына немесе кенттің, ауылдың, ауыл округінің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жүгінуі қажет:
жеке басын куәландыратын құжат;
адамның (отбасы мүшілерінің) табысы туралы мәліметтер;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат
Әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету
Көмекті алушылар: әлеуметтік мәні бар аурулары бар Қазақстан Республикасының азаматтары
Әлеуметтік мәні бар аурулар
Туберкулез
Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру
Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы
Қатерлі ісіктер
Қант диабеті
Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары)
Балалардың церебралдық параличі
Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)
Ревматизм
Дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары
Нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары
Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары
Орфандық аурулар
Осы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады: әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органына немесе кенттің, ауылдың, ауыл округінің әкіміне мынадай құжаттар топтамасымен жүгіну қажет:
жеке басын куәландыратын құжат;
адамның (отбасы мүшілерінің) табысы туралы мәліметтер;
әлеуметтік мәні бар аурулардың болу фактісін растайтын құжат.
Әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шеккен азаматтарға көрсетіледі. Көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әр жеке жағдайда арнайы комиссия белгілейді және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/social_assistance_of_difficult_life_situations
Жүктілікке және босануға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемге құқық еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілік және босану бойынша демалыс күнінен бастап туындайды.
Кімге тағайындалады
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға арналған біржолғы әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы Қорға әлеуметтік аударымдар төленген жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап sms жолдай отырып.
Төлем алуға өтініш беру мерзімі
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға, сондай-ақ қиын босану, екі және одан да көп бала туған кезде төлемді қайта есептеуге әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау мерзімдері он екі айдан аспауға тиіс.
Төлем мөлшері
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 12 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу жолымен айқындалады.
Жүктілік және босану бойынша демалыстардың ұзақтығы ҚР Еңбек кодексінің 99-бабында көзделген.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемге құқық баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, бала (балалар) асырап алынған және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда, бір жарым жасқа дейінгі жастан бастап туындайды. баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап жүзеге асырылады.
Кімге тағайындалады
Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем балаға (балаларға) күтім жасауды жүзеге асыратын және Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.
Бұл ретте, егер бала күтімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушыларымен жүзеге асырылса, бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
Kaspi,Halyk екінші деңгейдегі банктердің және «Egov mobile» мобильді қосымшалары арқылы;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап sms жолдай отырып.
Төлем мөлшері
Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне – 0,4 көбейту жолымен айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40%, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері – бала күтімі бойынша ай сайынғы бір жарым жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Төлем алуға өтініш беру мерзімі
Төлемді тағайындауға өтініш беру мерзімі - төлеуге құқық туындаған күннен бастап он сегіз ай.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындауға және алуға қайтыс болған (сот хабар – ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасы мүшелері құқылы.
Төлем құқығы қайтыс болған күннен бастап туындайды.
Кімге тағайындалады
Төлем қайтыс болған адамның асырауында болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған)отбасының келесі мүшелеріне тағайындалады:
балаларға, оның ішінде асырап алынған балаларға;
18 жасқа толмаған ағайындылар, әпкелер мен немерелер, егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса;
егер үш жасқа толмаған асыраушысының асырауындағы адамға күтім жасаумен айналысса, ата-анасының немесе жұбайының не атасының, әжесінің, ағасының немесе әпкесінің біріне.
Егер 18 жасқа толған отбасы мүшелері болса:
білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқиды (оқиды) –төлем оқу бітірген күнге дейін, бірақ 23 жылдан аспайтын мерзімге дейін жүзеге асырылады;
бірінші немесе екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылады-төлем мүгедектікті белгілеу мерзіміне тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
«Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы;
сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап sms жолдай отырып.
Төлем мөлшері
Асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 50% алып тастағанда табысты алмастырудың тиісті коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына және қатысу өтіліне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Жыл сайын асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде арттырылады.
Асырауындағы адамдар санының коэффициенті
Асырауындағы адамдар санының коэффициенті асыраушысының - қайтыс болғанға дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдардың санына байланысты айқындалады және бір асырауындағы адаммен 0,5; екі асырауындағы адаммен - 0,65; үш асырауындағы адаммен - 0,8; төрт және одан да көп асырауындағы адаммен - 1,0 құрайды.
Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті "міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы"Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ Заңының 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемге құқық Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды (Салық кодексі).
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
«электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы (www.enbek.kz), көрсетілген порталда жұмыссыз ретінде тіркелген кезде;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz), жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде;
жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына;
халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы-жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде;
«Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы;
сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап смс жолдай отырып.
Төлем мөлшері
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу өтіліне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Кірісті ауыстыру коэффициентi 0,45 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер:
ол үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 1 айға;
ол үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 2 айға;
ол үшін 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 3 айға;
ол үшін 36 айдан қырық 8 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 4 айға;
ол үшін 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға;
ол үшін 36 және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 6 айға тағайындалады.
Төлем алуға өтініш беру мерзім
Төлемді тағайындауға өтініш беру мерзімі-төлеуге құқық туындаған күннен бастап он екі ай.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемге құқық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.
Кімге төленеді
Еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берілген уақытқа дейін жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылғанына қарамастан тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz) өтініш берген кезде жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде;
МӘС бөлімшесі арқылы-жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін бастапқы белгілеу кезінде;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі белгіленген кезде;
«Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы;
сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап смс жолдай отырып алуға болады.
Төлемдер мөлшері
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті 0,6 құрайды.
Еңбекке қабілеттілігін жоғалту коэффициенті:
Еңбекке қабілеттілігін жоғалту коэффициенті жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың белгіленген дәрежесіне 30 пайыздан 100 пайызға дейін сәйкес келеді.
Қатысу өтілінің коэффициенті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ Заңының 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Жыл сайын еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері ҚР Үкіметінің шешімі негізінде арттырылады.
Балаларға жәрдемақы (тууы және 1,5 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша)
Кімге тағайындалады
Бала тууға байланысты жәрдемақы отбасыларға төленеді.
Жәрдемақы алу үшін қайда бару керек
Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
Kaspi,Halyk екінші деңгейдегі банктердің және e-gov mobile мобильді қосымшасы арқылы;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, , оны көрсетуге келісім туралы sms жауапns жолдай отырып, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде
Жәрдемақы мөлшері
«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес баланың тууына байланысты жәрдемақы мөлшері мынаны құрайды:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіштер (АЕК);
төртінші және одан кейінгі балаға – 63 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы баланың тууымен байланысты бір реттік болып табылады.
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмi бала туған күннен бастап 18 айдан аспауға тиiс.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы (жұмыс істемейтін адамдар үшін)
Кімге төленеді
баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын адамдарға.
Жәрдемақы алу үшін қайда бару керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
Kaspi, Halyk және Egov mobile екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы;
Жәрдемақы мөлшері
Баланың күтіміне жәрдемақы мөлшері мынаны құрайды:
бірінші балаға — 5,76 АЕК;
екінші балаға — 6,81 АЕК;
үшінші балаға — 7,85 АЕК;
төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Баланың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын төленеді.
Күтімге байланысты жәрдемақы тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмi бала туған күннен бастап 18 айдан аспауға тиiс.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалған және төленетін жәрдемақы
Мүгедек-баланы тәрбилеушіге жәрдемақы
Кімге төленеді
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға).
Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің арқылы мүгедектік тобын белгілеу кезінде;
Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz).
Жәрдемақы мөлшері
1,4 ЕТКД мөлшерінде.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жүгінген күннен бастап ай сайын төленеді.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
Кімге төленеді
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көп балалы отбасыларға.
Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы.
Жәрдемақы мөлшері
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың немесе күндізгі оқу нысанын да оқитын студенттерінің санының 23 жасқа дейін өзгеруіне байланысты қайта есептеледі. Отбасылық табысына қарамастан тағайындалады:
4 балаға -16,03 АЕК;
5 балаға -20,04 АЕК;
6 балаға -24,05 АЕК;
7 балаға -28,06 АЕК;
сегіз және одан да көп балаға -әрбір балаға 4 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап ай сайын төленеді, өтінім берген күн - өтініш берген күн болып саналады.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға арналған жәрдемақы
Кімге төленеді
Көп балалы аналарға.
Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап sms жолдай отырып.
Жәрдемақы мөлшері
6,4 АЕК мөлшерінде.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы ай сайын төленеді.
Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/allowance
Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек.
Кімге төленеді
Шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік деңгейінен аспайтын жан басына орташа табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:
зейнеткерлік жасқа жету;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар;
екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар болған кезде.
Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға:
үш жасқа дейінгі балаға;
мүгедектігі бар-балаға;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар барларға;
бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-баптың 4- тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қайда бару керек
«Электрондық үкімет» веб-порталдағы «Мемлекеттік қызметтер азаматтар үшін» сервисі арқылы, Халықты жұмыспен қамту орталығына, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға сәйкес адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне есептелген жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырма түрінде есептейді. Отбасының құрамы және табысы өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайта есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушы халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2023 жылы – 5 175 теңгені (3 450 * 1,5 АЕК) құрайды.
Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/allowance
Білім алушыларға тегін тамаққа өтініш берудің екі жолы бар:
1.мектептің әлеуметтік педагогіне хабарласыңыз.
2. Egov.kz порталы арқылы өтінім беріңіз.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мына жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсынылады:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі болуы тиіс;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға -алынған табыстар туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама;
жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімінің электрондық көшірмесі;
Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган шешімінің электрондық көшірмесі.
1-4 сынып оқушыларына (автоматты түрде тағайындалады)
Әрбір жаңа оқу жылында төмендегі санаттағы білім алушылар қажетті мектеп формасын алу үшін бір реттік қаржылай көмек не мектеп формасын ала алады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары
Тегін мектеп формасы немесе оны сатып алуға біржолғы қаржылық көмек туралы ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне, әлеуметтік педагогке немесе оқушының сынып жетекшісіне хабарласыңыз. Әлеуметтік мәртебеңіз туралы өтінішті толтырыңыз, қажетті құжаттарды беріңіз және оларды әлеуметтік педагогке өткізіңіз.
Ата-ана, баланың заңды өкілі материалдық көмек алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы өтінім береді egov.kz немесе білім беру ұйымына, жергілікті уәкілетті органға өтініш беруі керек. Басқа жағдайларда – білім беру ұйымына әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Қаржылық және материалдық көмек алуға арналған тізім оқу жылы ішінде бір рет қалыптастырылады.
Осы қордан көмек алуға құқығы бар білім алушылардың жекелеген санаттары:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттары
Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын оқушылар "Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады.
Аз қамтылған отбасылардың балалары форма мен оқу құралдарын сатып алуға бір реттік қаржылай көмек ала алады. Әрбір оқушыға арналған қаражаттың ең төменгі сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес соманы құрауы тиіс. Қаражат ата-аналардың шоттарына аударылады. Қаржылай көмек ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өз бетінше таңдай алатындай етіп беріледі.
"Жалпыға бірдей оқыту" қоры аясында білім алушылардың мына санаттарына материалдық көмек көрсетіледі:
атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға;
АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтенше жағдайға тап болған оқушылар
Ата-ана, баланың заңды өкілі материалдық көмек алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы өтінім береді egov.kz немесе білім беру ұйымына, жергілікті уәкілетті органға өтініш беруі керек. Басқа жағдайларда – білім беру ұйымына әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Қажет болған жағдайда білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушыға "Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек тағайындайды.
Оқушыларға әлеуметтік көмек алу құқығын айқындау 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64N 64 Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттары.
Оқушыларға қаржылай қолдау мектептің алқалы органының шешімімен белгіленеді. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңесі болып табылады.
Сұрақ қою
если вы не можете найти ответ, напишите нам